Астана – Омбы халықаралық бағытында RWS Wagon компаниясының жаңа 45-үлгідегі жолаушылар вагондары қатынай бастады

Пойыз құрамында жалпы сыйымдылығы 300-ден астам орынға есептелген 8 жаңа купелік және плацкартты вагон пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арналған арнайы орындар қарастырылған.

Жаңа 45-үлгідегі вагондар заманауи талаптарға толық сай келеді. Интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған, климат-бақылау және ауаны залалсыздандыру жүйелерімен, USB-порттармен және 220 В розеткаларымен, Wi-Fi желісімен,биодәретханалармен жабдықталған.

Rail-news.kz