Вагон паркін жаңарту және отандық машина жасауды дамыту
29.04.2026
Қазақстан – 21 000 км теміржол желісі бар ел, онда жыл сайын миллиондаған тонна жүк және 20 млн-ға жуық жолаушы тасымалданады. Алайда жүк вагондарының тозу деңгейі 54%-ға, ал жолаушылар вагондарының тозуы 42%-ға жетеді. Вагон паркін жаңарту мәселесі бірнеше жылдан бері саладағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бизнес бұған өндіріс көлемін арттыру арқылы жауап беруде. Бүгінде Петропавлдағы RWS Wagon зауыты (Railways Systems KZ холдингі) арбалардан бастап жолаушылар және жүк вагондарына дейін жылжымалы құрамның 12 түрін шығарады. Толығырақ – сілтеме бойынша.