RWS KZ өндірістік қуаттарын кеңейтіп, Қазақстандағы ең ірі өндірістік кластерді қалыптастыруда
09.07.2026
Қазақстандағы ең ірі теміржол машина жасау холдингтерінің бірі RWS KZ (Railways Systems KZ) отандық металлургияны, теміржол машина жасау саласын және энергетика саласына арналған жоғары технологиялық өнімдер өндірісін дамытуға бағытталған перспективалы инвестициялық жобалар кешенін жүзеге асыруда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың ресми сапары аясында RWS KZ холдингінің бас директоры Сергей Павлингер мәлімдеді. Жаңа жобалар RWS KZ өнеркәсіптік экожүйесін дамытудың келесі кезеңіне айналып, холдингтің өндірістік тізбегін металлургиялық шикізат пен болат өндіруден бастап теміржол инфрақұрылымы, көлік машина жасау және жылу энергетикасына арналған дайын өнім шығаруға дейін жүйелі түрде кеңейтуге мүмкіндік береді.
Холдингтің ең ірі жобаларының бірі электрометаллургиялық зауыт құрылысы болмақ. Жобаны іске асыруға салынатын инвестиция көлемі шамамен 950 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1 млн тонна сұйық болатқа жетеді. Жаңа өндірісте шамамен 1650 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Кәсіпорын блюмдер, дайындамалар, дөңгелек прокат, швеллерлер мен арқалықтарды қоса алғанда, металлургиялық өнімдердің кең ассортиментін шығарады.
«Бұл жобаны іске асыру өндірістік қуаттарды кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанның егемен өнеркәсіптік экожүйесінің негізін қалыптастырады. Біз шикізаттан бастап дайын доңғалақ пен вагонға дейінгі өндірістік тізбекті тұйықтаймыз. Бұл жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін арттыруға және металлургия мен машина жасаудың негізгі сегменттеріндегі импортқа тәуелділікті түбегейлі төмендетуге мүмкіндік береді», – деді RWS KZ холдингінің бас директоры Сергей Павлингер.
RWS KZ холдингін дамытудың тағы бір стратегиялық бағыты жылына 1,5 млн тонна өнім өндіретін темірді тікелей қалпына келтіру кешенінің құрылысы болмақ. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 750 млрд теңгеге бағаланады. Кәсіпорында шамамен 1000 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндірістік кешен металдандырылған түйіршіктер (DRI) және ыстықтай брикеттелген темір (HBI) түріндегі тікелей қалпына келтірілген темір өндіруге маманданады.
Сергей Павлингердің айтуынша: «Темірді тікелей қалпына келтіру технологиясы табиғи газды пайдалана отырып, темір кені түйіршіктерінен металлургиялық шикізат өндіруді көздейді және дәстүрлі технологиялармен салыстырғанда көмірқышқыл газы шығарындыларын 60%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Өз металлургиямызды құру толық циклді егемен экожүйені қалыптастырудың қорытынды кезеңі болмақ. Мұндай қадам Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, отандық металлургияның, өнеркәсіп пен энергетиканың дамуына қуатты серпін береді».
Ыстықтай брикеттелген темір халықаралық металлургия нарығында сұранысқа ие өнім болып табылады және болат өндіруге арналған жоғары сапалы шикізат ретінде пайдаланылады. Жобаны жүзеге асыру Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытуға және елде заманауи металлургиялық өндірістік тізбекті қалыптастыруға қосымша мүмкіндіктер береді.
RWS KZ холдингінің инвестициялық бағдарламасының жеке бағыты жылу және атом электр станциялары жүйелеріне арналған құбыр блоктарын өндіруді құру болмақ. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 3 мың тонна өнімді құрайды. Жаңа өндірісте шамамен 340 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Инвестиция көлемі 30 млрд теңгені құрайды. Сергей Павлингер атап өтті: «Атом өнеркәсібі мен жылу энергетикасына арналған өнімдер Қазақстанда өндірілетін болады. Біз арнайы мақсаттағы тораптар мен металл конструкцияларын шығара аламыз. Үндістан мен Мысырдағы атом электр станцияларына арналған компоненттерді өндіру жөнінде келісімдеріміз бар. Қазір конструкторлық құжаттаманы әзірлеу кезеңі жүріп жатыр».
Жобаны іске асыру Қазақстанда энергетика саласына арналған жоғары технологиялық компоненттерді өндіру құзыреттерін дамытуға және отандық өнеркәсіп өнімдерінің номенклатурасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
RWS KZ адами капитал мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Жаңа кәсіпорындарда барлығы 3 000 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар құрылымында 100-ден астам мамандық бар, ал холдинг қызметкерлерінің шамамен жартысы – 35 жасқа дейінгі мамандар.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевқа жасалған баяндамада RWS KZ қызметкерлерге арналған тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыратыны, еңбек әулеттері мен қызметкерлердің отбасыларын қолдайтыны және инженер